Алматыдағы лай көшкіні: жасөспірімнің денесі табылды
Алматыдағы лай көшкіні басып қалған үйдің үйіндісінің арасынан 16 жасар баланың денесі табылды.

Қазір оқиға орнындағы іздеу жұмысына иісшіл иттер тартылған.
Құтқарушылар отбасындағы басқа адамдарды іздеп жатыр. Мектептегілер осы үйдің екі баласы келмей қалғанын айтыпты. Балалар егіз екен.
