Алтын менің бесігім, туған елім!
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий «Экспромтом»
Бейнематериал авторлары – SAAS "Presentation of Kazakhstan"
The Lost Avocado "Lost in Kazakhstan"
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Алтын менің бесігім, туған елім,
Сен үшін деп соғады, мынау жүрегім.
Жарық күннен, амандығын тіледім,
Аман болсын, менің халқым, тірегім.
Жүрсемдегі, шалғайда, мейлі алыста,
Күндіз – түні ойымнан, бір шықпайсың.
Жусан иіспен, мөлдір аққан бұлақта,
Тауларыңмен, мәңгі мені баурайсың.
Қандай бақыт, елім бар деп, айта алсам,
Қазы – қарта, қымызым, бар домбырам.
Ата – бабам руһы бар, күш тұмарым,
Сенің арқаң бүгінгі, амандығым.
Кір келтірсе біреулер, намыстанам,
Айтып қалса жылы сөз, мың қуанам.
Алтын менің бесігім, киелі анам,
Қазақстаным, бір өзіңе табынам.
