AMANAT Алматы облысында 175 мың жұмыс орнын құруға ықпал етеді
📷📷
Бүгін партиялықтар Алматы облысының тұрғындарымен жүздесті.
📷📷
Қонаев қаласындағы Мәдениет үйіне 200-ге жуық тұрғын жиналды. Олар «AMANAT»-тың өзекті мәселелерді қалай шешуді көздеп отырғанын партиялықтардың өз ауызынан естіді.
📷📷
«Бұл сайлауда «AMANAT» партиясынан үміткерлердің тізімі 75%-ға жаңарды. Біздің қатарымызда нақты бір аймақтың ерекшелігін жақсы білетін және түрлі салада қызмет етіп жүрген беделді азаматтар бар. Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы – бүге-шігесіне дейін есептелген және жүзеге асатын құжат. Яғни, біз тыңғылықты дайындалдық және халықпен бірге алға қойған мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдіміз», - деді «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов.
