«AMANAT» партиялық Фракциясының кезектен тыс отырысы өтті.
даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары, аудандағы проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Ақсу ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы көрсеткіштерінің орындалуы сөз болды. Жиынға аудан әкімі Тынышбаев Берік Тынышбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы, Жетісу облыстық мәслихат депутаты Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы және детутаттық фракция мүшелері мен мекеме басшылары қатысты. Сондай-ақ, жетекшілік ететін салалары бойынша аудан әкімінің орынбасары Сабырбаев Амандос Ақышұлы баяндама жасады. Ол кезегінде 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы мәселелердің шешу механизимдеріне, халықтың әл-ауқатын жақсартумен,
