«AMANAT» партиясы ауылдың әл-ауқатын арттыруға мүдделі
📷📷
«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Айдос Сарым мен Алмас Алматов Қызылорда облысындағы үгіт жұмысы аясында Жалағаш ауданына қарасты Таң және Аққум ауылдық округтеріндегі сайлаушылармен кездесті.
📷📷
Мұнда кандидаттар «Таң ЛТД» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесіп, диқандарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыпды.
📷📷
«Біз көктемгі егіс жұмыстарына фермерлер үшін жеңілдікпен жанар-жағармай бөлудің ашық әрі әділ тетігін енгіземіз», – деді Айдос Сарым.
📷📷
Өз кезегінде, егіншілер қауымы кандидаттарға сәттілік тілеп, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
📷📷
Бұдан соң штаб мүшелерінің үгіт-насихат жұмысы Аққұм ауылында жалғасты. Кандидаттар ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл азаматтары «Батыс Қытай – Батыс Европа» халықаралық транзиттік автожолдың елді-мекен аумағында жылдамдықты азайту белгілерін қою, ауылға жаңадан аурухана салу, кепілге қоятын жылжымайтын мүлік құнын азайту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
📷📷
Штаб мүшелерінің үгіт-насихаты бұдан кейін Сырдария ауданында жалғасты. Кандидаттар аудандық мәдениет үйінде білім саласының өкілдерімен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның білім беру саласына қатысты тұстарын таныстырды. Штаб өкілдері мұғалім мәртебесінің артып келе жатқанын жеткізіп, алдағы уақытта бірқатар мәселе өз шешімін табатынын атап өтті.
📷📷
Сондай-ақ бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілік, мұғалімдерге қарастырылған жеңілдіктер туралы әңгімелесті.
📷📷
Жиын соңында штаб мүшелері тұрғындарды сайлауда белсенділік танытып, «АMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
