Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» партиясы ерекше қажеттілігі бар адамдарға баса назар аударады

«AMANAT» партиясы ерекше қажеттілігі бар адамдарға баса назар аударады

📷📷

«АМАNAT» сайлауалды штабының мүшелері «Еңбек адамы» партиялық жобасының қатысушысы Нұрлыбек Бәйменов ашқан техникалық қызмет көрсету стансасы қызметкерлерімен кездесті. Онда партиялықтар ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау мәселесін талқылады. Нұрлыбек Бәйменов мүгедектігіне қарамастан, кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысады.

📷📷

Сайлауалды бағдарламада «AMANAT» партиясы ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жұмыс орнын құратын әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды заңнамалық деңгейде жалғастыратыны жазылған. Әлеуметтік қызмет стандарттары жетілдіріліп, салаға жеке бизнес тартылады. Жиынға қатысушылар штаб мүшелерімен әңгімелесу барысында кедергісіз орта қалыптастырудағы кемшіліктерге, жәрдемақы мөлшерінің аздығына, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталы жұмысының проблемаларына баса назар аударды. «AMANAT» партиясы ерекше қажеттілігі бар адамдарды кешенді қолдау ісіне айрықша басымдықтар береді. Ерекше қажеттілігі бар балалар күтіміне арналған қымбат құралдармен қамтамасыз ету үшін оңалту техникалық құралдары паркі құрылады. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтер порталы жаңаша жұмыс істейді. Енді арнаулы құралдармен қамтамасыз ету критерийі тауардың арзандығына емес, олардың сапасына негізделеді. t.me/AMANATPartiyasy

0
0
165

Осы тақырып бойынша

«AMANAT» партиясы ерекше қажеттілігі бар адамдарға баса назар аударады - Yvision.kz