Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» партиясы халықтың ұсыныс-пікірін орындауға мүдделі

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінің жанында сайлаушылардың ұсыныс-пікірін қабылдады. Мұндағы тұрғындарды жұмыспен қамту, тұрғын үй тұрғызу, жол жөндеу және өзге де өзекті мәселелер толғандырып отыр.

📷📷

Мәселен, 2027 жылға қарай Павлодар облысында кемінде 65 мың жұмыс орнын құру, ШОБ кәсіпорындарының санын 65 мың бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұған қоса, алдағы бес жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй (шамамен 15 мың пәтер) салынады, 7 мектеп тұрғызылып, кемінде 100 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Ауылдық елді мекендерде 30 жаңа медициналық нысан, ал тікелей облыс орталығында 2 консультативтік-диагностикалық орталық пайда болады.

📷📷

Айта кетейік, мұндай ұсыныс-пікірлер тұрақты түрде қабылданады. Бүгінде облыс аумағында осындай 15 кездесу өткізіліп, сайлаушылардың 200-ге жуық ұсыныс-пікірі жиналды. t.me/AMANATPartiyasy

0
0
217

Осы тақырып бойынша

«AMANAT» партиясы халықтың ұсыныс-пікірін орындауға мүдделі - Yvision.kz