«AMANAT» партиясы әлеуметтік нысандардың санын арттыруға мүдделі
«AMANAT» партиясы әлеуметтік нысандардың санын арттыруға мүдделі
📷📷
Штаб мүшелері Бәйтерек ауданының қоғам өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның шалғайдағы және шекара маңындағы елді мекендерді дамыту мәселесіне қатысты басым бағыттарын талқылады. Бұл кездесуге 100-ден астам адам қатысты. Тұрғындар тұрғын үй тұрғызу, сумен жабдықтау, білім беру ісі мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.
📷📷
Алдағы 5 жылда облыста 20 мыңға жуық отбасы жаңа баспанаға ие болады. 38 ауылда сумен жабдықтау нысаны салынады. Ал 121 ауылда кешенді блок-модуль орнатылады. Апатты жағдайдағы мектептерді жою және оқушы орны тапшылығын болдырмау үшін өңірде 36 жаңа мектеп салынады. Оның алтауы осы Бәйтерек ауданында тұрғызылады. Сонымен қатар, БҚО-да 50 медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Оның 13-і Бәйтерек ауданында салынады. t.me/AMANATPartiyasy
