«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының мәжіліс залында
«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы қоғамдық бірлестіктердің мүшелерімен кездесу өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаты Е. Илемесов, аудандық штаб мүшелері Г.Елемесова,А.Джуманиязов,Ж.Басиров және А.Сарсенгалиев қатысты.Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

