Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» партиясы Жәнібек ауданық филиалының актив отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Жәнібек ауданық филиалының актив отырысы өтті. Жиынға партияның Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев, саяси кеңес мүшелері, депутаттар, дербес бөлім басшылары, аудандық филиал қызметкерлері қатысты. Ауылдық округтегі кейбір Бастауыш партия ұйымының төрағалары ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн форматта қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінің шешімдерін орындаудағы Жәнібек аудандық филиалының міндеттері туралы мәселе қаралды.

Жиында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев:-Өздеріңізге мәлім, кеше партияның кезектен тыс ХХІІ съезі болып, оған еліміздің барлық өңірлерінен 393 делегат қатысты. Осыдан тура 23 жыл бұрын 1 наурызда біздің партияның құрылтай съезі өтті. Сондықтан Съездің, оның шешімдерін тарихи және межелік деп атауға болады.Съезде Партия Төрағасының тапсырмасы бойынша партияны жаңғырту бағдарламасы дайындалды.

Жаңғырту аясында Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі Ерлан Жақанұлы Қошанов партияға «AMANAT» жаңа атауын ұсынды.

Президент, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде бұл бастаманы қолдады. Съезд делегаттары да толық қолдау білдірді. Осыған байланысты, Съезд партия Жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдап, жаңғырту бағдарламасын, партияның жаңа атауы мен логотипін бекітті. Осының бәрі жоғары сенімнің көрінісі және біздің партиямыздың жаңа Қазақстанды құрудағы ерекше рөлін көрсетеді-деп, Партияны жаңғыртудағы 7 басымдыққа тоқталды. Өз кезегінде Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Мейрамбек Ибатов, «Jas Otan» жастар қанатының Жәнібек ауданы бойынша төрағасы Мирас Иманғалиев сөз алып, партияның атқарған жұмыстарына тоқталып, Съезд шешімдерін қолдайтындықтарын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі Азамат Сафималиев:

-Қазіргі аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Біз Президентіміз Қ. Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстан құруға кірістік. Бұл ауқымды міндет. Мұны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Осы орайда партия барлық реформаларға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. Аманат дегеніміз ұлтымыз үшін мәні бар ұғым.Мемлекет басшысы партия халқымыздың «Аманатқа қиянат жасамайды» деген қағидатты берік ұстанатынын атап өтті. Аудандық филиалға қарасты 8 қоғамдық кеңес болса, енді олардың саны 5-ке қысқартылады.Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жаңа форматқа көшіру керек.Тек орталықтан ғана емес, шалғай елді мекендерге барып қабылдау өткізуді тапсырамын. Фракция отырысын мәселе көтерген ауылдық округтерде көшпелі өткуге ұсыныс айтамын, -деді.Сондай-ақ аудан басшысы Жаңа Қазақстанды құру бәрімізге ортақ міндет екенін баса айтып,партияның белсенді жұмыс жасауына атсалысуға шақырып,жиынды қорытындылады.

0
0
239

Осы тақырып бойынша

«AMANAT» партиясы Жәнібек ауданық филиалының актив отырысы өтті. - Yvision.kz