Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» партиясының алдағы жоспары – тұрғындардың өмір сапасын жақсарту

⏺«AMANAT» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы Атырау облысындағы мұнай өңдеу зауытында жалғасты.

⏺Атырау өңірі – еліміздің мұнай-газ кешені шоғырланған әлеуеті зор инвестициялық аймақ. Былтыр република мұнайының жартысынан атамы, ілеспе газдың 75 пайызы Атырау облысында өндірілді. Мұнайлы өңірде ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып отырған ірі кәсіпорындар көп-ақ. Соның бірі – осы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС.

⏺Еркін пікір алмасу форматында өткен басқосуда Мәжіліс депутаттығына кандидат Дүйсенбай Тұрғанов биылғы сайлаудың жаңашылдығына тоқталды. Аралас сайлау жүйесінің енгізілуі, мажоритарлы және патиялық тізім арқылы сайлау – демократия жолындағы жаңа қадамдар екенін жеткізді. Ал, партияның облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов алдағы 5 жылға негізделген нақты жұмыс жоспарын таныстырып, зауыт қызметкерлерінің пікір-ұсынысын тыңдады.

⏺Шараға қатысқан өзге де партияластар, саяси науқанда бақ сынайтын кандидаттар аймақ ахуалын жақсарту бағытында атқарылатын жұмысты тілге тиек етті. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орнын құру, жастар қауымын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын өрістету, сапалы білім мен қолжетімді медицина қалыптастыру, жол сапасын жақсарту, тұрғындарды ауыз сумен, газбен қамту бастамалары бар. Бұл – «AMANAT» партиясының алдағы бес жылға негізделген жұмыс жоспарының бір бөлшегі.

⏺Сайлауға қатысып, таңдау жасау – азаматтық парыз. Әрқашан халықтық пікір мен бастамаларға ашық AMANAT партиясына дауыс беруге шақырамыз! Зауыт қабырғасындағы ашық диалог алаңының түйіні осындай болды.

t.me/AMANATPartiyasy

0
0
192

Осы тақырып бойынша