«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Алматы облысына келді.
Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Алматы облысына келді. ⏺Партиялықтар Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жұртшылықпен жүздесіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты. Ашық микрофон форматында әркім өзін толғандырған сауалын қойды. Жиын барысында көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылды. Мәселен, 2027 жылдың соңына дейін облыс аумағында кемінде 175 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Орташа жалақы мөлшері 400 мың теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ, 63 мектеп пен 58 денсаулық сақтау нысаны салынады. ⏺Штаб мүшелері қала атауының өзгеруі және жаңа облыстың ашылуы арқылы тарихи әділдік қалпына келгенін атап өтті. Ал партияның негізі басымдықтарының бірі – жаңа өңірлердің дамуына атсалысып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, партия жұмыспен қамтылған халық санын ұлғайтып, өмір сүру деңгейін жақсартуды көздейді. ⏺Партия алдағы 5 жылда Алматы облысын газдандыру деңгейін арттыру үшін 147 елді мекенді қамтитын «Шелек-Кеген» магистральдық газ құбырының құрылысына ықпал етуге мүдделі. ⏺Бұға қоса, «AMANAT» партиясы өңір жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау жастары» жеңілдетілген ипотекалық несиелендіру бағдарламасына бөлінетін қаражат көлемінің ұлғаюына ықпал етеді. t.me/AMANATPartiyasy #AMANAT2023 #ДауысберAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023
