«AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасын талқылау мақсатында жиын өтті
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиал «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ
мамандандырылған энергия жөндеу басқармасының бастауыш партия ұйымында «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасын талқылау мақсатында жиын өтті. Бастауыш партия ұйымының төрайымы Лаура Абилхамитова тұғырнамаға кеңірек тоқталып баяндама жасады. Партия мүшелері жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін ізденімпаз , білімі мен кәсіби қабілетін жетілдіруге дайын азаматтар қатары көп болу қажет деген пікір білдірді.
#АМАНАТaimak
