Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» Республикалық сайлауалды штабының ресми сайты іске қосылды

📷📷📷

amanat2023.kz ресми сайтында Республикалық штабтың қызметімен, ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың жұмысы туралы соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыздар. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы жарияланған. 📷ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша және бірмандатты округтерден үміткерлердің тізбесі, олардың қысқаша өмірбаянымен де amanat2023.kz сайтында танысуға болады. Сонымен қатар, мұнда «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы жарияланды. 📷Платформа мынадай бөлімдерден тұрады: «Партия» бұл бөлімінде «AMANAT» партиясының басшылығы және хатшылығы туралы толық ақпарат ұсынылған. «Жаңалықтар» бөлімінде Республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қызметі туралы ақпарат бар. «Бағдарламалар» бөлімінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының толық мәтіні жарияланған. Осы бөлімде құжаттың әр бөлімі жеке-жеке орналастырылған. 📷Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін басты бетте партияның әлеуметтік желілердегі аккаунттары көрсетілген. 📷Сайт мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, нашар көретіндерге арналған нұсқасы бар.

0
0
183

Осы тақырып бойынша

«AMANAT» Республикалық сайлауалды штабының ресми сайты іске қосылды - Yvision.kz