«AMANAT»-тың Республикалық сайлауалды штабы Батыс Қазақстан облысына келді
📷📷
Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстан облысының сайлаушыларымен бірқатар кездесу өткізіп жатыр.
📷📷
Орал қаласында штаб мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасындағы этносаралық келісімді нығайту шараларын талқылады.
📷📷
«Кез келген қоғам дамуының негізгі шарты – бейбітшілік пен келісім. Біз ұлтына, діни нанымына немесе материалдық жағдайына қарамастан барша қазақстандықтардың мүддесін ескереміз. Біздің партиямыз дәстүрлі моральдық қағидаттарды сақтауды, түрлі көзқарасқа түсіністікпен қарауды және құрметтеуді, әр этностың дәстүрін, мәдениеті мен тілін қолдауды көздейді. Бұл ұстаным халқымызды біріктіріп, мемлекетіміздің сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі сын-қатерлерге қарсы тұруына мүмкіндік береді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Бақтықожа Ізмұхамбетов. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос тұрып жатыр. Батыс Қазақстан облысында 50-ге жуық этномәдени бірлестік жұмыс істеп тұр. t.me/AMANATPartiyasy
