«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Қызылорда облысындағы сайлаушылармен кездесті
📷📷
Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қызылорда облысында болды. Өңірде педагогтарымен, ғалымдарымен, шаруалармен және спортшылар қауымымен бірқатар кездесу өтті.
📷📷
Аймақтағы педагогтармен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының білім беру саласындағы басымдықтары талқыланды.
📷📷
«Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелердегі орын тапшылығы, мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктемесі, ауыл мен қаладағы білім беру сапасындағы теңсіздік мәселелері бар. Еліміздің әрбір тұрғыны сапалы білімге қол жеткізе алуы тиіс. Сондықтан партия осы саладағы мәселелерді түбегейлі шешуді көздейді», – деді «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов.
