AMANAT: Жамбыл облысында 110 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді
📷📷
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков пен Арман Еділбаев «Есіктен есікке» акциясы аясында «Қарасу» мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті. Аманаттықтар тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үнпарақтар таратты.
📷📷
«Біз жауапкершіліктен қорықпаймыз. Өйткені біздің мол саяси тәжірибеміз бен нақты жоспарымыз бар. Партияның сайлауалды бағдарламасы әр отандасымыздың әл-ауқатын арттыруды көздейді. Біздің мақсатымыз – осы. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру арқылы өңірді дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткіземіз», – деді М.Сарыбеков.
📷📷
Ал Арман Еділбаев былтыр конституциялық реформа іске асырылып, Әділ Қазақстанның берік іргетасы қаланғанын жеткізді. «Президент сайлауы биліктің барлық тармағын қайта жүктеуге және өзгертуге оң серпін берді. «АМАNAT» партиясы саяси, моральдық міндеттерді басшылыққа ала отырып, азаматтардың әл-ауқаты артуы үшін бәрін жасайды. Партияның сайлауалды бағдарламасы азаматтардың ұсыныс-пікірі негізінде әзірленді», - деді ол. Шара соңында партиялықтар жұртшылықты алдағы сайлауында белсенді болуға шақырды. t.me/AMANATPartiyasy
