Аманаттықтар Шымкенттегі қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды.
📷📷
Онда аға буын өкілдеріне арналған спорттық, шығармашылық және білім беру секцияларында тегін сабақ өткізіледі. Штаб мүшелері оларға партияның зейнет жасындағы адамдардың өмірін сапалы жақсарту жөніндегі бастамалары туралы айтты. Осылайша, «AMANAT» зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуді, сондай-ақ базалық зейнетақыны арттыруды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, алдағы бес жылда медициналық-әлеуметтік мекемелер базасында қарттарға күтім жасау қызметтері құрылады.
📷📷
«Зейнет жасына таяған және зейнет жасындағы егде адамдар әрдайым сұранысқа ие болуы керек. Зейнеткерлер лайықты зейнетақы, сапалы және қолжетімді ем алуы, белсенді өмір салтын ұстануы тиіс. Ал зейнетке шықса да қол қусырып отырғысы келмейтін белсенді аға буын өкілдеріне өз ісін жүргізуіне қолдау көрсетуді күшейтеміз. Олардың несие немесе грант алуына жол ашамыз», – деді Ерлан Қошанов.
📷📷
«AMANAT» зейнет жасына таяған адамдарды да назардан тыс қалдырмай, оларды жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Ол үшін «Күміс жас» бағдарламасының талабында көрсетілген жас мөлшері ұлғайтылады. t.me/AMANATPartiyasy
