Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Амандық Баталов жұмыс сапарымен Ақсу ауданында болып, Ақсу қант зауытының жұмысымен танысты.

Аймақ басшысына биылғы өнімнен зауытқа өткізіліп жатқан қант қызылшалары көрсетілді. Сарапшылар жаздың құрғақ болғанына қарамастан, биыл мол өнім жиналғанын, және зауытқа сапалы әрі қанттылық мөлшері жоғары тәтті түбірлердің өткізіліп жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімі әкімшілік блокқа барып, жұмысшылармен әңгімелесті. Зауыт мамандары өңір басшысына кәсіпорынға үнемі қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс білдірді. Зауытта 500-ден астам ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып, уақытылы жалақыларын алып келеді.

Зауытқа өз өнімдерін өткізетін негізгі үш аудан - Ақсу, Сарқан және Алакөл. Қант қызылшасын өңдеу және қант өндірісі 18 қазанда басталды. Бүгінге дейін зауыт 60 мың тонна қызылша қабылдады. Оның 15 мың тоннасы өңделіп, биылғы маусымның алғашқы дайын қант өнімі алынды.

Бүгінде «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның қолдауымен барлығы 288 дана ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтар сатып алынып, «АқсуҚант» ЖШС-не лизингке берілді.

Ағымдағы жылы қант қызылшасының сығындысын пресстеу бөлімшесі іске қосылды. Бұл цехта сығындылар қапталып, буылады. Облыс әкімі осы цехтың жұмысын жоғары бағалап, бұл қант зауыты үшін қосымша табыс екендігін атап өтті.

Жүз мың тонна шикізаттан 22 мың тонна қызылшасының сығындысын алуға болады. Бұл кәсіпорын үшін қосымша табыс, - деді өңір басшысы А.Баталов.

Облыс әкімі хабарлаған тағы бір жағымды жаңалық – зауыттың шаруалардан тәтті түбірді сатып алу құнының өсуі. Енді қызылша өсірушілердің бұл мәселесі де шешілді деп айтуға болады.

0
0
191

Осы тақырып бойынша

Амандық Баталов жұмыс сапарымен Ақсу ауданында болып, Ақсу қант зауытының жұмысымен танысты. - Yvision.kz