Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында
21 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында аудан орталығы Жымпиты ауылында орналасқан "Эверест" сауда орталығында болып, қазіргі күні халық жиі тұтынатын азық-түліктің бағаларымен танысты. Сауда орталығын аралау барысында мәжіліс депутаты аудан орталығындағы шағын наубайханаларда пісірілетін нан бағасының құны, сауда орталығындағы нан бағаларынан төмен болу керектігін атап өтті. Сонымен қатар бағаларды үнемі назарда ұстау керектігін айтты.
