Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Американдық меценат Дэвид Валера:"Қазақстанда еріктілік АҚШ-пен бірдей белсенді дамып келеді»

Дэвид Валера – АҚШ меценаты, біздің елдеріміз бен халықтарымызды жақындастыру, Қазақстанда волонтерлік қозғалысты дамыту, сондай-ақ балаларды, оның ішінде ауылдық жерлерден балаларды ағылшын тіліне оқыту сияқты игі миссиялармен айналысады. Негізгі мақсаты - мұқтаж жандарға көмектесу болып табылатын, еріктілер қозғалысының қозғаушы күші жастар екеніне сенімді.

15 қазанда балалар мен жастар арасындағы қайырымдылық тақырыбындағы онлайн-дәріс барысында Дэвид Валера Қазақстанмен қалай танысқанын, оның елімізде қандай жұмыс жүргізіп жатқанын айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

"Мен сіздің еліңіз туралы шамамен 20 жыл бұрын Нью-Йорктегі отандасыңызбен танысқан кезде білдім. Ол кезде мен Қазақстан туралы ештеңе білмейтін едім. Бір жылдан кейін досым мені оның еліне шақырды. Көп саяхаттағандықтан мені ештеңе таң қалдырмайды деп ойладым. Бірақ таңқалдырғаны, қону кезінде мені туған ретінде қабылдаған 50 адам қарсы алды. Біз үйге келдік, қонақтар одан да көп болды. Мені өте жылы қарсы алды. Шаршағаныма қарамастан, өзімді үйдегідей сезіндім", – деді Д.Валера.

Біздің елімізді аралап жүріп, ол өзінің миссиясы – Қазақстан туралы әлемді ағарту, осында тұратын адамдар туралы айту екенін түсінді.

"12 жыл бойы мен Қазақстанның әлеуметтік өміріне қатысып келемін, сіздің еліңіздегі өмірді жақсарту, елдерімізді, халықтар мен мәдениеттерді жақындастыру үшін өз идеяларыммен бөлісемін. Білім беру, денсаулық сақтау, туризм – менің Қазақстандағы жұмысымның басты бағыттары осы. Өз тәжірибемнен айта аламын, жастар еріктілер қозғалысына үлкен үлес қоса алады. Еріктіліктен қайтарым өте зор. Еріктілік құндылықтары: ынтымақтастық, төзімділік, тәртіп, кәсіпқойлық, адам өмірі мен қадір-қасиетін құрметтеу, мәдени мұра", - деп жалғастырды меценат.

Д.Валера Қазақстанда ұйымдастырған ең қызықты жоба, оның айтуынша, Америка-Қазақстан жастар форумы, оған бүкіл Орталық Азияның белсенді жастары қатысты.

"Жастар әлемді жақсы жаққа өзгертетін тамаша идеяларды қалыптастырады. Қазақстанда волонтерлік үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Статистикаға сүйенсек, сіздің ел тұрғындарының 60%-ы жастар, яғни олардың жасы 30 жастан аспайды. Қазақстандағы еріктілердің орташа жасы 18 - ден 25 жасқа дейін. Бұл Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін білдіреді. Сонымен қатар, бұл жастардың мойнына үлкен жауапкершілік жүктелгенін білдіреді", - деді ол.

Студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, спикер Қазақстандағы еріктіліктің даму деңгейін бағалады.

"Ешбір елде еріктілік деңгейін бағалау мүмкін емес, нақты критерийлер жоқ. Бірақ сонымен бірге, әсіресе қазір, пандемия кезінде қоғам мен мемлекет еріктілерге мұқтаж екені анық. Қазақстанда еріктілік АҚШ-пен бірдей белсенді дамып келеді деп ойлаймын", - деп қорытындылады Д.Валера.

Дэвид Валерамен дәріс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы шеңберінде дайындалды және өткізілді.

#cisc2020 #qogamgov #amal #amal2020 #amal2020kz #amalkz

0
0
384

Осы тақырып бойынша

Американдық меценат Дэвид Валера:"Қазақстанда еріктілік АҚШ-пен бірдей белсенді дамып келеді» - Yvision.kz