Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

🛡️Қан тапсыру – қайырымдылықтың белгісі

Ағымдағы жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні және 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай қайырымдылық мақсатында Облыстық қан орталығына қан тапсырды.

Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж болады. Донорлық - әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейірімділік, қайырымдылық танытудың белгісі. Қан тапсыру сауапты іс, әрі оның адам денсаулығына да пайдасы зор. Қан тапсырғанда адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік ауруларына шалдықпайды.

Қан тапсыру кезінде коронавирустың алдын алу талаптары қатаң сақталды және орталықтың дәрігер-мамандары Департамент қызметкерлеріне қауіпті дерттердің алдын алу жолдары жайлы әңгіме өткізді.

0
0
210

Осы тақырып бойынша

🛡️Қан тапсыру – қайырымдылықтың белгісі - Yvision.kz