Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қандай бақыт, егер көрсең. Атқан таңды, тағыда

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Вадим Гурьев «С добрым утром, любимая»

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм парақшасы - aikosmuz

Өмір өзі, байлық екен,

Қанша қиын, болсада.

Қандай бақыт, егер көрсең,

Атқан таңды, тағыда.

Алыс жаққа, кеткеніңде,

Қандай бақыт, сағыну.

Тосып жатқан, от басыңмен,

Қайта құшып, табысу.

Қандай бақыт, сәби үнін,

Ести алсаң, қуанып.

Тәй-тәй басып, есейгенін,

Көре алсаң, тойлатып.

Қандай бақыт, әкең, шешең,

Тірі жүрсе, алдыңда.

Бауырларың, атаң, енең,

Мынау қасыңнан, табылса.

Қандай бақыт, елің болса,

Болса сенің, тамырың.

Әнің болса, жырың болса,

Мақтан тұтар, ұраның.

Қандай бақыт, көк аспаның,

Таза болса, бұлттардан.

Аман болса елің,халқың,

Мәнгіліқ, бұйырып ғасырдан.

1
1
532

Осы тақырып бойынша

Қандай бақыт, егер көрсең. Атқан таңды, тағыда - Yvision.kz