Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қапшағай қаласы мемлекеттік қызметшілер арасында«Сапалы қызмет» конкурсының марапаттау іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Сапалы қызмет» конкурсының нәтижесі бойынша марапаттау іс-шарасы өткізілді. Конкурсқа Қапшағай қаласының 12 мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің сонымен қатар Қапшағай қаласы Әкімі Аппараты бастамасымен ұйымдастырылған конкурс 3 критериядан құрылды: эссе, бейнеролик, буклет. Қапшағай қаласы Әкімі Аппаратының басшысы Б.Дүйсенбаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы М. Абылов жеңімпаздарды дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Алматы облысы бойынша қоғамдық мониторинг нәтижесіне сәйкес, Қапшағай қаласы халықтың қанағаттанарлық деңгейі бойынша, Алматы облысының аудан/қала жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету үлесі бойынша алдыңғы орындарда.

Естеріңізге сала кетейік іс-шара Алматы облысы бойынша жоғары деңгейде алғашқы рет өткізілуде.

0
0
238

Осы тақырып бойынша

Қапшағай қаласы мемлекеттік қызметшілер арасында«Сапалы қызмет» конкурсының марапаттау іс-шарасы - Yvision.kz