Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шынықсаң, шымыр боларсың

Арғы күні хоккейден Әлем чемпионаты басталады

Жұма күні Чехияда хоккейден Әлем чемпионаты басталады. Ол 10-26 мамыр аралығында өтпек.  

undefined

Қазақстан құрамасы Прагаға 5 мамырда барып, 7 мамырда сол жерде  Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізді . Бұл ойында біздің хоккейшілер 5:2 есебімен жеңіске жетті. Гол соққандар – Никита Михайлис, Аркадий Шестаков және Роман Старченко.  

Енді Қазақстан командасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сайысқа түседі.

Ұлттық құрама тізімі мынадай:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);

Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс») Артём Королёв, Мәди Диханбек (екеуі - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Валерий Орехов («Металлург», Ресей);

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Роман Старченко, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі - «Металлург», Ресей), Кирилл Панюков («Амур», Ресей)9

Біздің хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп жүр. Олар биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

0
0
437

Осы тақырып бойынша