Ардақты ардагерлермен кездесу
«Канвассинг» шарасы аясында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылының тұрғыны, зейнеткер Темешов Әбестің үйінде болып, сайлауалды кездесу өткізді. Кездесу барысында Е.Елемесов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, Есқайыр Елемесов партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күнгі қол жетістіктерді саралап берді. Абес Темешовтың партияның қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырып жатырған жұмыстарды оң бағалап, партия кандидаттарына алдағы сайлауда жеңіске жетуін тіледі. Сондай-ақ ол Есқайыр Елемесовтың еңбегіне өз ризашылығын білдіріп, оның алдағы қызметіне толайым табыстар мен сәттіліктер тіледі. Кездесу соңында отбасы мүшелеріне "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт материалдарын таратылды.
