Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында

Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық аға Мырзағалиевпен кездестік. Өйткені ол кісінің кабинеті аудандық әкімдіктегі ең көп ашылатын есіктердің бірі. Ардагер, зейнеткер аға-апаларымыз шаруаларын, өкпе-өтініштерін, ұсыныстарын бірінші осы кісіге айтады. Сондықтан да көп жылдар басшылық қызметте болған, ауданның қадірлі азаматы Садық ағамен жиі кездесіп, сұқбаттасып тұрғанның пайдасы зор. Үнемі ауданның тарихы, ардагер азаматтары мен еңбекқор адамдары жайлы сыр шертетін ағамен дидарласуды Nur otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Кашукқызы екеуміз сәті түскен кездесу деп санадық.

0
0
152

Осы тақырып бойынша

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында - Yvision.kz