Қарттар да қолдаусыз қалмайды
. Көрші аспан асты елінде бейнеттің зейнетін көруге шыққан қарттарымен байланыс үзіп, оларға хабарласуды ұмытқандар заң алдында жауап береді екен. Біздің елде жай басқа. «Nur Otan» партиясы елдегі қариялардың да жайын жиі назарда ұстап отырады. Жуырда «Қоғалы» бастауыш партия ұйымына Кербұлақ ауданына қарасты Қоғалы ауылының жалғызбасты егде жастағы кісі жағдайын айтып байланысады. Қария халықтық партия өкілдерінен үйін жаңғыртып беруді өтінеді. БПҰ төрағасы А.Баядилов еріктілерді жиып, қарияның үйін жөндеуден өткізді. Мұндай қамқорлыққа қария да алғысын білдірді.
