Ашық есік күні өткізілді
2018 жылдың қыркүйек айының 27-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру, мақсатында аталған соттың кеңсе меңгерушісу И.А. Кумысбаеваның қатысуымен және қала тұрғындарымен ашық есік күнін өткізілді.
Аталған іс-шара шегінде неке және отбасылық заңнамамен реттелетін туындаған сұрақтармен, кәмелетке толмаған балаларды бағу үшін алимет өндіру және сот актілерінің орындалуы, әкелікті таныту, ата-аналық құқықтан айыру туралы сұрақтармен жүгінді.
И.А. Кумысбаева аталған сұрақтарға қолданыстағы заңнама нормалары негізінде жауап берді.
Аталған іс-шаралар халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін котеру, сондай-ақ, әділдікке қолжетімділік мақсатында өткізіледі.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

