Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қасиетті Қарасаз!

Санаулы күн

Санаулы ай

Санаулы жыл

Санап жүріп самайлар ағарды кім?

Уақытты не пайда санағаннан ,

Алатұғын өмірде бағаңды біл (М.Мақатаев)

Менің өмірімдегі жарқын беттердің бірі.Шыныкерек 3 ұйықтасам да сол Қарасаз жеріне оқуға барам деп ойламаған едім.Құдайдын өзі айдап апарды ма?!мүмкін...

Барған күндерден бастап мені жылы шыраймен қарсы алды.Нағыз қазақы ауылға түсіп,қазағымның қонақжайлығын сезіндім.Ол ауылда туған туысқандарым, таныстарым болмаса да,"Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар"- демекші тез арада үйреніп  кеттім.

Бір қызығы 8-ші наурызға тура бардым.Барғаннан бастап 3 күн қатар ұлдар қыздарға концерттік бағдарламалар қойып,көніл күйімізді көтерді.Оқу беру жүйесі де жоғары.

11-шы сынып оқушыларға бар мүмкіндік жасалған.Мен интернатта жатуды жөн көрдім.4 мезгіл тамақ,айнала қоршаған тау (өте керемет көрініс),таза ауа!

15-16 наурыз күндері арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 81 жылдығына арналған "Жыр керуені" ол дағы Мүшәйра өтті.

Республикамыздың 34 дарынды жас буын ақындары қасиетті ҚАРАСАЗ жерінде бас қосты.

 

ашылу салтанаты                                       қатысушылар

Жыр керуенінің шарттары:

1.М.Мақатаев атамыздың бір тақпағын жатқа айту.

М.Мақатаевқа арнау

2.Поэзия. "Аққулар ұйықтағанда" және "Райымбек,Райымбек!" поэзиясын жатқа білу.

3. Ұйқастыру.

4. Талдау.

5. Сұрақ жауап.

 

Жюри мүшесінде атақты ақын,жазушылар болды.

Исраил Сапарбаев                                     Жұмабай Құлиев

 

 

Болашақ жас журналист болуды максат еткендіктен менде өз мүмкіншілігімді пайдаланып,келген дарынды қатысушылардан сұхбат алдым.

Жансая: "Сені осы жыр әлеміне не жетеледі?"

Садықов Дидар (Алматы қаласы):


"Менің нағашы атам ақын болған.Сол атамның жолын қуып менде ақын болғым келеді".

Усманов ЕламанЖеңісұлы (Алакөл ауданы.):


"2 –ші сыныптан бастап өлен жаттай бастадым,жан дүниеме жақын болғандықтан ақын болғым келеді"

Есжанов Бекболат (Алматы қаласы):

"М.Мақатаев атамыздың шығармасына қызығам."

Қуанышов Абылайхан (Батыс Қазақстан обл. ): " Білмеймін? Мен ақиық ақынымыз Мұқағали атам сияқты бола алмаймын?Алайда, Мұқағали тамыры тереңде жайылған мәуелі ағаш болса,мен өзімді сол ағаштың бір сабағы болғанымды  бақытты санаймын."

 

Жансая:"Алдыға қойған мақсатын,арманын?"

Садықов Дидар (Алматы қаласы):

"Журналист болғым келеді.Дүниежүзін аралау басты мақсатым"

Усманов ЕламанЖеңісұлы (Алакөл ауданы.):

"Ата-баба жолын жалғастрып,ақын болғым келеді"

Қуанышов Абылайхан (Батыс Қазақстан обл. ):

"Ең бастысы өмірден өз орнымды табу.Осы күнге дейін 70 -тен аса ақиық ақынымыздың өлендерін жатқа білемін.Ендігі кезекте барлық өлендерін жаттасам ба деп,қолыма алайын деп отырмын.Сонымен қатар бұрындары  да жазылып,жоғалып кеткен өлендерді жаңғырту."

Есжанов Бекболат (Алматы қаласы):

"Қазақы қарапайым жаны жырға толы қазағымның абыройын асқақтату."

Жансая:"сендерге көп рахмет,сәттілік тілеймін!":)

 

2.

 

Менінде талантым ашылып,Мұқа ағамызға 1 шумақ өлең шығардым

Қабағынан тұңғиық

Сыр шертілген,

Кең маңдай

Қыр мұрынды,Мұқа аға!

Жүрегін нұрға толы нәзік неткен?


 
3
8
5403

Осы тақырып бойынша

Қасиетті Қарасаз! - Yvision.kz