Астанада демалыс күндері автобустар саны артады
Демалыс күндері елордада төрт қалалық маршрут бойынша қосымша жеті автобус жолаушы тасымалдайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлады.

10 ақпаннан бастап қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында келесі қалалық маршруттарда демалыс күндері автобустар саны артады:
- №3 маршрутта 2 бірлікке (12 автобус); - №13 маршрутта 2 бірлікке (10 автобус); - №20 маршрутта 1 бірлікке (12 автобус); - № 44 маршрутта 2 бірлікке (12 автобус).
