Астанада өрттен 4 адам құтқарылды
Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды.
7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты.
Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілердің күшімен 4 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт 11:26-да оқшауланып, 12.07-де сөндірілді. Астана ТЖД жеке құрамының 27 адамы және 7 техникасы жұмылдырылды.
t.me/qr_tjm
