Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ата заңды партия филиалы өкілдері асқақтатты

«Айбарлы асқар елдің Ата заңы» атаулы шараның шымылдығын партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев ашып, филиал өкілдерін мерейлі мерекемен құттықтады. Содан соң Әнұран ойналды.

- Ата заң – ұлттығымыздың айғағы, егемендігіміздің тірегі. Ширек ғасыр бұрын тарихи қадам жасалып, елдің Конституциясы тұғырына қонды. Тұғырлы еліміздің Ата заңын қастерлеу арқылы оның құндылығын асқақтата түсеміз. Әлем жұртшылығы Қазақстанның атауын мәңгі естуге жазсын, - деді Ж.Әкебайұлы.

Мұнан соң партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаеваны, филиалдың бірыңғай персоналды басқару жөніндегі консультанты Д.Аналдинованы марапаттады. Марапат легі бірқатар қызметкерлерді алғыс хат табыстаумен жалғасты. Сондай-ақ, партия жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Алматы облыстық филиалы төрағасының алғыс хатымен партия филиалының ең жас қызметшісі Мадина Түрдахун марапатталды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы қызметкерлері шара соңында естелік суретке түсіп, жайдары көңілмен тарқасты.

0
0
136

Осы тақырып бойынша

Ата заңды партия филиалы өкілдері асқақтатты - Yvision.kz