Атырау облыстық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Н.Ожаев мүмкіндігі шектеулі жастармен кездесті
16 желтоқсан күні, «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлыбек Ожаев мүмкіндігі шектеулі жастармен кездесіп, егемендік тақырыбында әңгіме қозғады. Ол өз сөзінде тәуелсіз елдің ұландарына: «Егемендік алу жолында қаншама соғыс болды, қанша қазағымыз қанын төкті? Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан тәуелсіз ұрпақ – сіздер бақыттысыздар. Дендеріңе саулық тілеймін. Ел дамуына қосар үлестерің таусылмасын» - деп, тілегін білдірді. Жиын соңында Нұрлыбек Ожаев қатысушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтады.
