Атырау облысында құтқару, су сору және тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр

Атырау облысы Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.
Тәулігіне 204 444 текше метр су сорылды. Ал тасқын басталғалы 4 521 719 текше метр су сорылған.

Осы облыстың Махамбет ауданында пилотсыз ұшу аппаратымен визуалды шолу жүргізіліп жатыр. Мониторинг тұрақты негізде жүргізіліп, жағдай қатаң бақылауға алынған. Қосымша жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.
