Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан тұрғындарымен кездесті

Аудан тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарға ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалып, ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап ел аумағында сайлауалды үгіт жұмыстары басталған болатын.

Осыған орай Жәнібек ауданына «Nur Otan» партиясының партиялық тізімдері бойынша Батыс Қазақстан облысынан ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев, Сәбира Сүндетова және БҚО Жәнібек ауданы бойынша өкілі Самиғолла Оразов келіп, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы кандидаттарды қолдау жөніндегі штабтың мүшелері және аудан тұрғындарымен кездесті.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев жүргізіп отырды.

ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттың әрқайсысы әр салаға тоқталып, «Nur Otan» партиясының Жәнібек ауданына қатысты алдағы бес жылдығына арналған жоспарды таныстырып, «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп дауыстарын аталған кандидаттарға беруге шақырды.

Басқосуды өзінің жылы лебізімен Самиғолла Хамзаұлы кездесуді қорытындылады.

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan

0
0
162

Осы тақырып бойынша