Аудандағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді
Аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасы А.Алтыбаев мүшелері Д.Губайдуллин мен Ж.Бекқожина Миялы ауылындағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізді.
Мониторинг және рейд кезінде дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен бағалары бекітілген атаулар бойынша қарастырылды. Рейд кезінде байқалғаны- аудан орталығындағы дәріханаларда алдыңғы аймен салыстырғанда пневмония мен коронавирус инфекциясын емдеуге қажет дәрі-дәрмектердің түрлері көбейген және бағасы да бекітілген шекті бағадан асып тұрмағаны анықталды. Қазіргі кезде дәріханаға келушілер саны да азайған, кезек жоқ.
