Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері партия ардагерлерімен кездесті

Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері партия ардагерлерімен кездесті. Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 2025. Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір және 17 басымдық атап өтілді. Өмірлік тәжірибелері мол, көпті көрген аға буын өкілдерінің жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы берері әлі де көп. Олардың ақыл-кеңестері әрдайым орнымен айтылып, көпшіліктің кәдесіне жарап жататыны түсінікті. Елімізде болғалы отырған сайлау қарсаңында осындай партия ардагерлерімен кездесу, ел саясатын мансұқтауға үлес қосатын пікірлерін назарда ұстау штаб мүшелері үшін ерекше пайдалы. Басқосуда штаб мүшелері сайлаудың басты ерекшеліктеріне тоқтала отырып, әрбір аудандағы күні бүгінгі жүргізіліп жатқан жұмыстар легінен хабардар етті. Сонымен қатар аудандық штаб мүшелері мен ерікті белсенділерге де жауапкершілікті сезіне отырып, сайлаудың өз дәрежесінде өтуіне, үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде бар мүмкіндіктердің жасалуына жағдай туғызу қажеттігін де айта өтті. Жалпы, көп мағлұмат берілген, өзара пікір алмасылған бұл жиын әр адамға зор жауапкершілік сезімін жүктеп бергенінде сөз жоқ.

0
0
109

Осы тақырып бойынша

Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері партия ардагерлерімен кездесті - Yvision.kz