Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы К.Даулетбекова « Қарлығаш» балабақшасы ұжымымен кездесу
өткізді. Кездесуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі жолдауында жан-жақты көтерілген мәселелер бойынша түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде мемлекетіміздегі денсаулық саласына жақсы мән беріліп жатыр дей келе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.
