Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық турнир өткізілді

АҚСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ СПОРТ ӘДІСКЕРІ БОЛҒАН, Б.ТАЙКЕШЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ФУТБОЛДАН 2004 Ж.Т. ЖАСӨСПІРІМ ҰЛДАР МЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ. 📌2022 жылдың 23 қазан күні «Бөрлі» спорт кешенінде Ақсу ауылдық округінің спорт әдіскері болған, Б. Тайкешевті еске алуға арналған Шағын футболдан 2004 ж.т. жасөспірім ұлдар мен ересектер арасында аудандық турнирі өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатына Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.А.Исанов, «Ақсай» мәдени - бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің директоры Б.Ж.Мухтубаев, Тайкешев Бахтияр Мынбайұлының анасы Г.Т.Тайкешева және бір топ спорт әдіскерлері қатысты. Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исанов Армат Амангелдіұлы жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа 9 команда,80-ге жуық спортшы қатысты. 🔸Қатысқан командалар: ▫️1. Ақсу а/о 1 командасы ▫️2. Ақсу а/о 2 командасы ▫️3. Бумакөл а/о командасы ▫️4. Қанай а/о командасы ▫️5. Бірлік командасы ▫️6. Пугачев а/о командасы ▫️7. Приурал а/о командасы ▫️8. Ақсай мешіті командасы ▫️9. Қызылтал командасы 🏆Жарыстың қорытындысы бойынша: ▪️🥇орын - Бумакөл а/о командасы (50 000 тг) ▪️🥈орын - Ақсай мешіті командасы (30 000 тг) ▪️🥉орын - Приурал а/о командасы (20 000 тг) 🔹Номинация иегерлері: ⚽️«Үздік қақпашы» - Каженов Оралхан (Бумакөл а/о) (5 000 тг) ⚽️«Үздік қорғаушы» - Утарбаев Самат (Приурал а/о) (5 000 тг) ⚽️«Үздік шабуылшы» - Абдрахманов Дамир (Ақсай мешіті) (5 000 тг) ⚽️«Үздік ойыншы» - Мендаев Марат (Бумакөл а/о) (5 000 тг) Жеңімпаздар мен жүлдегерлер және номинация иегерлері Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі “Ақсай” мәдени - бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің” тиісті дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен, I - орын алған команда дипломмен, кубокпен, II, III орын алған командалар сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.

0
0
418

Осы тақырып бойынша

Аудандық турнир өткізілді - Yvision.kz