Ауданымыздағы мемлекеттік емес мекемелердiң қызметкерлерiмен кездесу өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб өкілдері мен ауданымыздағы мемлекеттік емес мекемелердiң қызметкерлерiмен кездесу ұйымдастырылды.
Қоғамдық штабтың мүшелері АMANAT партиясы мүшесі - Ермекбаев Қ.Т. мен "Ақжол" партиясының өкілi Дүйсенов С Ч, сайлауалды бағдарлама бойынша өз ойларымен бөлісті.
Облыстық "Зерде" қоғамдық қордың төрағасы - Төлебаев Қуанышбай Төлебайұлы барша шақырылғандарды Қ.Тоқаевтың қолдауға шақырды.
Мемлекеттік емес мекемелердiң қызметкерлерiмен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Қ.Тоқаевты қолдайтындарын жеткiздi.
#Toqaev2022




