Ауыл тұрғындарымен кездесті
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Алихан Досмұхамбетов пен Алтынбек Ермекқалиев Қызылоба ауылының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жолға шыққан партия өкілдері халыққа сайлау жөнінде мағлұмат беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кандидаттар ел үмітін ақтауға күш салатындықтарын айта келе, қаңтар айында өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
