Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері ереуілге шықты

2021 жылдың 30 мамыр күні Орал-Атырау жол бағытындағы «Хазар» кейпингісінде ақылы жолға наразылықтарын білдірген ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері ереуілге шықты. Аталмыш жерге облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері барып, жүргізушілермен сөйлесіп, мәселені анықтады. Жүргізушілерге құзырлы мемлекеттік органдармен партиялық бақылау комиссиясының отырысында кездесіп, нақты ұсыныстарды тақылау айтылды.

Наразылықтар 31 мамыр күні де өтті. Ақпарат бойынша 01 маусым кешке қарай тағы да жүргізушілер аталмыш мәселені қозғайды.

Осыған орай, 02 маусым күні облыстық партиялық бақылау комиссиясы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «КазАвтоЖол ҰҚ» АҚ БҚО филиалының, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының, жергілікті полиция қызметінің басшыларымен және жүргізушілермен кездесу ұйымдастырылады.

Кездесу қорытындысы қосымша хабарланады.

Nur Otan Бауыржан Байбек

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
248

Осы тақырып бойынша

Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері ереуілге шықты - Yvision.kz