Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айтшы жаным, кінәні, кімнен көрем?

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий «Dreams»

Бейнематериал авторы – Best Music Relax

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Жүрегімнің ішінде, өзің барын,

Сезіп жүрсің әлі де, бәрін білем.

Тағдырыңа-тағдырым, болды жазым,

Айтшы жаным, кінәні, кімнен көрем?

Аямастан жүректі, мың ауыртып,

Тағы жатыр сезімім, сені іздеген.

Бар ма екен, басқа адам, мұңға малып,

Дәл осылай, көңілін, сені күткен.

Ақ бұлттардан іздеймін, кейде сені,

Бір сәт келіп, көргендей, іздеп мені.

Ал бір кезде самалдан, сені сезем,

Тұрғандайсың аймалап, аяп мені.

Жүрегімнің ішінде, сен тұрған соң,

Тоқтамас-ау соғысы, мынау жүректің.

Тағыдырыммен – тағдырым, тоғысқасын,

Керегі де жоқ шығар, басқа ойдың, тілектің.

2
1
493

Осы тақырып бойынша

Айтшы жаным, кінәні, кімнен көрем? - Yvision.kz