Қазақ ертеден жетімін жылатпаған халық.

Бүгін Алматы облысының барлық аудан, қалаларында жетім балалардың жағдайына арналған онлайн форматта жиындар өткізілді. "Nur Otan" партиясының қоғамдық мониторингі бойынша ата-ана қарауынсыз қалған және толық емес отбасының балаларын баспанамен қамту, қажетті білім беру және жұмысқа орналастыру секілді маңызды мәселелерді қозғады. Әлеуметтік желінің тікелей эфирінде өткен жиында көрермендер әр түрлі сұрақ қойып, соған сай жауап алды.

