«Қазақстан 2050» стратегиясының жүйелік түсініктері
«Қазақстан - 2050» стратегиясында президент көптеген ұғымдар мен идеологиялық парадигмаларды атап айтты. Олардың кейбіреуін қарастырып көрейік.
"Қазақстан 2050" стратегиясының категориялық түсініктері: жүйелік түсініктер
2012 жылдың 14 желтоқсаны. Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жариялады.
Осыған байланысты «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясын жүзеге асырудың бастамасы жаңа Жолдауда қолданылған категориялық аппаратты жүйелеу мен мақсатын түсінуді қамтамасыз етті.
Бұл терминологиялық анықтамалық ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолданылған негізгі ұғымдар мен терминдерді түсіндіру мақсатында жасалған.
Анықтамалықта 100-ге жуық ұғымдар енгізілген, олар – жүйелік түсініктер; экономика; әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару; дін, тарих, қазіргі заман; геосаясат және қауіпсіздік деген бес бөлімге бөлінген. Басылымды дайындауға қоғамтанушы ғалымдар мен сарапшы қауымдастық өкілдері қатысты.
Біз тек жүйелік түсініктерін талдап көрдік.
- Алдымен – экономика, содан соң – саясат
- Басқарылатын болжам
- Дүниетанымдық серпіліс
- Елбасы
- Жалпыға ортақ берекелі қоғам (мемлекет)
- Жаһандық дағдарыс
- Қазақстандық жол
Алдымен – экономика, содан соң – саясат
Президенттің бұл сөздері 2005 жылдың 18 ақпанындағы
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты оныншы Жолдауында келтірілген. Әлеуметтік және саяси жаңғырудың сенімді негізі ретіндегі экономиканы нығайту дегенді білдіреді.
«...басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, демократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге тиіс-барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан либералдық дәстүрлері бар, алайда олар шырқау биігіне әлі де жете қойған жоқ. Біз бәрін жоқтан бастаған едік және демократияның өзі – адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жөн»
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында»
Басқарылатын болжам
Қабылданатын шешімдерді оптимизациялау мақсатындағы объектінің мүмкін болатын жай-күйін бағалауғабасқарылатын құбылыстарды болжаудың методологиялық бағдары (көп жағдайда әлеуметтік). Сәйкесінше ізденістік және нормативтік болжаулар жасалынады.
Терминологиялық сөздік
Дүниетанымдық серпіліс
Бұл түсінік философиялық мағынада қоршаған ортаны түсінудің радикалды трансформациясын және ескі мәселелерге жаңадан қарап, жаңа мәселелердің орынды шешімін табуға мүмкіндік беретін сана мен рух өрістерінің кеңеюін білдіреді.
Терминологиялық сөздік
Елбасы
Көп жағдайда – «ұлт көшбасшысы» термині қолданылады. Сайланатын немесе тағайындалатын лауазымды тұлға шеңберінен шыққан және мемлекеттің тарихына, оның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосатын жетекші ретінде танылған саяси фигураны білдіреді.
Терминологиялық сөздік
Жалпыға ортақ берекелі қоғам (мемлекет)
Әрбір азаматтың берекелі өмір сүру деңгейіне жетуі үшін, әлеуметтік теңсіздікті азайтып, қажет ететін азаматтарға көмек көрсету үшін әлеуметтік әділеттілік принципіне сай материалдық игілікті бөлетін саяси жүйе.
Терминологиялық сөздік
Жаһандық дағдарыс
Әлемдік деңгейдегі адамзат өрекниетінің түрлі салаларындағы дағдарыс. : саясатта, идеологияда, әлемдік экономикада, әлемдік қаржы жүйесінде,ғылым мен техникада, экологияда.
Терминологиялық сөздік
Қазақстандық жол
Қазақстан дамуының ерекше үлгісін сипаттайтын анықтама.
Терминологиялық сөздік
Жалғасы бар.
"Қазақстан - 2050" стратегиясының ресми сайтының материалдары бойынша жасалған.
