Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанға ақпараттық үгіт-насихат "дауылы" келе жатыр

Бұл ресейлік БАҚ-тың Қазақстанда хабар тарату лимиттері мен шектеу шаралары туралы «жол картасын» практикалық талқылау мен пікір таластырудың тағы бір себебі болуы мүмкін.

Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін талқылау өте қиын. Халықтың бір бөлігі ресейлік БАҚ-қа қарайды және оған сенеді. Себебі олар азаматтардың ақыл-ойы мен көңіл-күйін бақылау тетігін біліп алған. Сондықтан, бізге жергілікті ақпараттық тәуелсіздікті жоғалтауға күш салу керек. Өйтпеген жағдайда ресейлік телеарналардың депутаттар мен партиялар сайлауына тікелей немесе жанама әсер етуі ғажап емес. .

Қазақстанның әлсіз ақпараттық өрісінің саласының жағдайын талқылау қажеттілігі қоғамдық және саяси пікірталастардың әртүрлі деңгейінде сезіледі. Бәлкім ресейлік БАҚ-тың ықпалы мен оған тәуелділігінің артуына қарай, сырт қалу қаупін сезініп отырған қазақстандық БАҚ-тың өзі және журналистер бұл істе барынша белсенді болуы мүмкін. Ресей БАҚ-ның Қырғызстан мен Түрікменстандағы жұмысына шектеу қою туралы қарапайым тақырыпты қазақ журналистерінің көтергені тегін емес. Техникалық және құқықтық мәселелердің салдарынан ресейлік БАҚ қызметін уақытша шектеу Қазақстандағы кейбір жергілікті БАҚ пен ақпараттық сайттардың басты жаңалығына айналды. Алайда, жергілікті «журналистік бауырластықтың » ерекше белсенділігі мен жағдайдың сипаты ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның қалалары мен ауылдарының орасан зор ықпалы мен жариялауын егжей-тегжейлі және практикалық талқылаудың маңыздылығын көрсетеді. . Алайда, жергілікті "журналистік бауырластықтың" ерекше белсенділігі мен жағдайдың сипаты ресейлік БАҚ-тың Қазақстанның қалаларынан ауылына дейін қамтып, орасан зор ықпал ететінін көрсетіп берді. Сондықтан, бұл мәселе егжей-тегжейлі зерттеп талқылауды қажет етеді.

Қазір Қазақстанның егеменді және тәуелсіз ақпараттық өрісі мәселесі бүгінгі күнгі геосаяси жағдаймен айқындалады. Дәл Украинадағы жағдай қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының республиканың ақпараттық саласын бақылауға және басқаруға қабілетсіздігі мәселесін көрсеткен «айнаға» айналды. Соның салдарынан қазір Ресейдің Украинадағы «әскери операциясына» қатысты пікір айтам деп ,бір-бірімен жандалдасуға дейін баратын достарды, отбасыны, түгелдей бір ұжымды табу қиын емес. Мұның өзі үлкен өзекті жайтқа айналып барады.

Дәстүрлі сенім мен "кеңестік" әдеттің нәтижесінде көптеген адамдар теледидардан, журналистердің айтуымен Мәскеудің көзқарасын қазақстандық азаматтарға "таңатын" Ресейдің үгіт-насихатын көріп насихатқа қарап сенеді. Әрине, журналистердің жоғары кәсіби біліктілігі, елдің қалалары мен өңірлерінде бақылаусыз хабар тарату, контенттің сапалы жасалуы, ақпараттың бай техникалық ресімделуі жағдайында ресейлік насихат қазақстандық БАҚ-пен бәсекелестікте жеңіске жететінін мойындауға тура келеді. Билік беделінің төмендігі, мемлекеттік арналардың «көпірген» ақпараты да халықтың жергілікті жаңалықтарды көруге және оған сенуге деген ұмтылысына кері әсер ететіні анық. Қазақстан Республикасының аумағында ресейлік БАҚ-тың хабар таратуын реттеу қажеттілігін бізге қаратып айтқан саясаткерлердің, депутаттардың, журналистердің мәлімделері көрсетіп берді. Бұл тіпті Украинадағы соғыс жағдайында үдеп кетті. Сондықтан, оны қарапайым мәлімдемелер контекстінде әдеттегі құрмет пен өзін-өзі сақтау тұрғысынан талқылау қажет.

Өйтпеген жағдайда шетелдік арналар Қазақстанның ішкі жұмысына, депутаттардың ісіне араласатыны анық, деп айтуға болады.

Мәселен, 2022 жылдың мамыр айындағы ресейлік БАҚ-нан келіп түскен хабарламаларына жасалған талдау тәуелсіз саясатқа қатысты Қазақстанның ЕАЭО және Кедендік одақтан шығу нұсқаларын талқылағаны үшін ұлтшылдықпен айыпталып жатқанын көрсетеді. РФ Сыртқы істер министрі С.Лавровтың АҚШ-тың Қазақстан, Армения аумағындағы биозертханаларының қызметіне жол бермеу туралы сұхбатын РФ мемлекеттік арналары да таратты.

Бұған дейін ресейлік БАҚ-та Қазақстанның Украинаға көмек көрсетуі туралы көп көтерілмеді. Енді ол да қозғала бастады. "Бұрын, арнайы операцияға дейін Украинаға отын жеткізушілер Ресей мен Беларусь болды... 24 ақпаннан бастап ресейлік дизель кірзілімейді. Оның орнын еуропалықтар алды ма? Немесе американдықтар ма? Мүлдем олай емес. Қазақстан ... "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "АҚ (Қазақстан үкіметіне тиесілі) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі"…, деп жазды.

Дегенмен, Қазақстан билігінің «бас ауруы» үшін ең маңызды тақырып сыртқы фактор емес, қоғамдағы ішкі ақпараттық, мәдени және тілдік алауыздық болуы мүмкін. Конституциялық реформа және депутаттарды сайлаудың мажоритарлық жүйесін енгізу жоспарлары әртүрлі белсенділер мен топтарды өздерінің жаңа партияларын құруға және тарап кеткен партияларды қалпына келтіруге итермеледі. Жаңа партия жетекшілерінің сөйлеген сөздерінен ішкі және сыртқы саясат тақырыбына, сонымен қатар Қазақстанның және оның қоғамының болашағына қатысты әр түрлі көзқарасты оңай байқауға болады. Бұл жағдайда жеке тұлғаларға, қоғамдық ұйымдар мен саяси партияларға ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары ықпал етпей етпей қомайды. Толықтай болмаса да, ондағы айтылғандарды есепке алатыны анық. Қырымның Ресейге қосылуын, орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беруді, Алматының атауын Алма-Ата деп өзгерту қолдайтын Қазақстан партиялары мен жетекшілерінің қызметіне баға беруде кейбір ресейлік БАҚ-тың алдына жан салмайтынын аңғару қиын емес. Сонымен қатар, Қазақстанның ЕАЭО-ға Қазіргі мүшелігінің қажеттілігіне күмәнданатындарды ұлтшылдар деп атауға дейін дайын.

Қорытындылай келе, 2 наурызда басталған ресейлік БАҚ-тың Қазақстанда хабар таратуын тоқтату үшін қол жинау туралы петицияны еске түсіре кетейік. Алайда, 2022 жылдың 2 маусымға дейін небәрі 6318 қол жиналған. Қазақстандықтар арасында кең аудитория мен қолдауға ие және мәдени, тарихи бағдарламалар түрінде халықтың дамуы, білім алуы үшін пайдасы бар ресейлік БАҚ-қа толықтай тыйым салып тастау мүмкін емес екені анық.

Дегенмен, аталған мәселе озық тәжірибеге сүйене отырып, түзетулер енгізу қажет. Мысалы, «Еуразия Қазақстан» арнасы тек ақпараттық бағдарламаларды қазақстандық контентке арнайды. Бұл табысты жүзеге асып жатыр. Ресейлік БАҚ-тың насихатын шектеуіне қатысты ұтымды және кәсіби көзқарас елдегі қазіргі жағдайды өзгертуге кірісудің ең дұрыс жолы болуы әбден мүмкін. Яғни, бұл арада «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай алып шығу керек», тәсілін қолданған абзал.

0
0
237

Осы тақырып бойынша

Қазақстанға ақпараттық үгіт-насихат "дауылы" келе жатыр - Yvision.kz