Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан экскурсиялық демалыс бойынша ТМД елдерінің ТОП-5-іне кірді

Туристік экскурсиялар, демалыс және саяхат үшін ТМД елдерінің экскурсиялық бағыттарының рейтингінде Қазақстан екінші орында тұр, деп хабарлайды TourStat туристік агенттігі.

ТМД елдеріндегі экскурсиялық туризм жылына 3 миллионнан астам экскурсиялар мен турлардан тұрады. ТМД елдерінде экскурсиялық демалыс үшін үздік 5 бағыт - Белоруссия, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Армения елдері.

ТМД-ның үздік елі ретінде Белоруссия үшін ресейлік туристердің 27%, Қазақстан үшін - 22%, Әзербайжан үшін - 16%, Өзбекстан үшін - 12%, Армения үшін - 9 % дауыс берді.

Рейтинг маркетингтік экскурсиялық турларға және онлайн сауалнамаға сәйкес жасалды.

ТМД елдеріне экскурсиялық тур 7 күнге созылады, орташа есеппен 500-ден 1000 долларға дейін шығынды талап етеді.

Ал елордамыз Астана ТМД-дағы ең романтикалық қалалардың ішіндегі бесінші орынға шықты.

Респонденттердің 14% Қазақстанның астанасына дауыс берді.

TourStat талдамалық агенттігі ТМД және көрші елдердің ең романтикалық қалаларының рейтингін ресейлік туристерінің демалыс және мереке күндерінде романтикалық сапарлары негізінде жасады, деп хабарлайды агенттіктің сайты.

ТурStat агенттігінің хабарлауынша, ресейлік туристердің демалыс және мереке күндерінде ТМД елдеріне романтикалық туризмі жылына миллиондаған сапарларды құрайды. Романтикалық туризм екі адамдық демалысты қамтиды.

ТМД және көршілес елдердің алғашқы бестігіне демалыс өткізуге ресейлік туристері арасында танымал болған Грузияның астанасы Грузия, Қазақстан астанасы Астана, Әзірбайжандағы Баку, Беларусьтегі Минск және Молдовадағы Кишинев кірді.

0
0
928

Осы тақырып бойынша

Қазақстан экскурсиялық демалыс бойынша ТМД елдерінің ТОП-5-іне кірді - Yvision.kz