Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Қазақстан Республикасының гендерлік саясатын жүзеге асыруда азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты» тақырыбында тренинг өтті. Аталған тренингке сот қызметкерлері және Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратурасының прокурор көмекшісі Айнур Мендуллаева Жусупованың қатысуымен өткізілген болатын. А.А. Жусупова өз сөзінде ол қазіргі заманауи әлемдегі әйелдің орны, оның құқықтары, мүмкіндіктері мен алдында тұрған сын-тегеуріндері жайлы айтып өтті. Сонымен қатар тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан Республикасы әйелдің құқықтары мен мүдделерін қорғау аясында белгілі бір жетістіктерге жетіп отырғанын баса айтты. Елімізде жыныс бойынша теңдік заңи түрде бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясына сай бәрі заң алдында тең, әркімнің өмір сүруге, жеке бостандығына , жеке өміріне тиіспеушілігіне, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына, еңбек етуге, демалуға, білім алуға және өзге де құқықтарға теңдей ие. А.А. Жусупованың айтуы бойынша еліміздің Конституциясында жынысына орай ешқандай шектеу қойылмаған және адамның жынысы оны өмірдің қандай да болсын аясында кемсітуге негіз болып табылмайды деп көрсетті. Іс-шара қатысушылары аталған тақырыпты талдай келе, гендерлік теңдікті қалыптастыру үшін қоғамның санасында ер мен әйелдің әлеуметтік теңдігін қалыптастыруды жүзеге асыру үшін іс шаралар жүргізілу керек деген қорытындыға келді. Өткізіліп отырған іс шара бір реттік болып қоймай, тұрақты түрде ұйымдастырылып отыр керек. Іс шара соңында мамандар өз пікірлерін айтып, мәселелерді шешу жолдарын ұсынды

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты - Yvision.kz