Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Жасыл экономиканы таңдайды.

 

«Экспо-2017» көрмесін өткізу мәртебесіне 2012 жылы Астана қаласына ие болған болатын, көрменің тақырыбы «болашақ энергиясы» болып табылады, бұл тақырыпты алу себебі баламалы энергия көзін дамыту,  дамыта келе қоршаған ортаға келетін зиянды төмендету және баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика» саясатын құру бағытын ұстанғандығына байланысты алынып отыр.

Көрмеге қатысатын барлық мемлекеттер өздерінің сарқылмайтын энергия саласындағы жеткен жетістіктерімен барша әлемді таныстырады.

Яғни қазақстанның жас мемлекет ретінде әлемнің экономика және технология жағынан алып мемлекеттермен қарым қатынас орнату арқылы, сарқылмайтын энергия көздеріне жатытын жел, су, күн энергияларын өндіру және ары қарай керекті технологияларды  дамыту үшін мол тәжірибе жинауға болады.  Жасыл эконмика негізінде қоршаған ортаға зияны жоқ технологияларды қолдану болып саналады, яғни қазіргі таңдағы экологияға зиянды көп зауыттар, көліктерді, экологияға зиянын тигізбейтін қылып құрастыру қолға алыну болып тұр.

Елімізде баламалы энергия көзін қолдану мүмкіндігі мол болғандықтан «жасыл экономика» саясаты қолға алынып отыр.  Мысалы: еліміздің көп бөлігін дала алып жатқанын және бұл даладаға желдің жылдамдығының жоғары екенін ескере  еліміздің дала бөлігінде  жел генераторларын орнатып, электр жарығын өндіруге болады. Республикамыздың орналасқан жердің климаты континентальды болғандықтан, яғни күн қатты ыстық болатынын ескерке отырып, күн батарейкаларын орнату арқылы энергия өңдеуге болады. Елімізде қоқысты қайта өңдеу зауыттары да тапшы, осы мәселені  жақсылап қолға алып,  зауыттар салынса, қалаларымыз едәуір тазарып және  экономикамыздың өсуіне зор ықпалын тигізетін еді. Электромобильдерді құрастыру арқылы және егер де халқымыздың көпшілігі электромобильге көшетін болса қалаларымыздың экологиясы тазаратыны айтпасада түсінікті.

Алматы қаласында электрді автобустарды ал Қостанай қаласында электромобильдерді шығару зауыттары іске қосылған, әрине бұл  «жасыл экономика» саясатының  қолға алынғандығын дәлелі..

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маман қызметкері

Ж.Б. Жолдыбай

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Жасыл экономиканы таңдайды. - Yvision.kz